×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Германияда «Росатоммен» ынтымақтастыққа қарсы митинг өтті

27.10.2024, 19:07
Германияда «Росатоммен» ынтымақтастыққа қарсы митинг өтті
DW

Германияның Линген қаласында ядролық энергетиканы жақтамайтындар ресейлік «Росатом» корпорациясының жергілікті зауытта отын элементтерін өндіруге қатысуына қарсылық ретінде наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, митингке 130-ға жуық адам қатысқан. Наразылық білдірушілер Ресей мемлекеттік корпорациясымен ынтымақтастық тыңшылық пен саботаж қаупін арттырады деп санайды.

«КРЕМЛЬ ӨЗ ЫҚПАЛЫН КЕҢЕЙТКІСІ КЕЛЕДІ»

Жиында сөз алғандардың бірі – ресейлік эколог Владимир Сливяк. Ол зауыт операторы, француздық Framatome мемлекеттік концерніне «Росатоммен» ынтымақтастық орнату қажет емес екенін қатаң ескертті. Оның айтуынша, Кремль осылайша геосаяси ықпал жасауға тырысады.

Dw.com түсіндіргендей, француздық Advanced Nuclear Fuels GmbH компаниясы Линген маңында отын жинақтарын шығарады. Олар Росатомның еншілес ұйымы ресейлік TVEL компаниясының лицензиясы бойынша жаңа жинақтарды шығаруды жоспарлап отыр.