×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

«Елімізді Ресейге бағындырумен бірдей» – Грузия президенті батыл үндеу жасады

28.10.2024, 00:44
«Елімізді Ресейге бағындырумен бірдей» – Грузия президенті батыл үндеу жасады
Ашық дереккөзден

Грузия президенті Саломе Зурабишвили халқына үндеу жасап, ол парламенттік сайлаудың нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент Зурабишвили елдегі өткен сайлауға “заңсыз және легитимді емес” деп баға берді. 

Сондай-ақ ол сайлауда көптеген өрескел заң бұзу фактілері тіркелгенін атап өтті. 

“Бұл сайлаудың нәтижесін мойындау мүмкін емес. Бұл елімізге Ресейдің келуін құшақ жая қарсы алумен бірдей, Грузияны Ресейге бағындырумен бірдей дүние”, – деді ел президенті. 

Сонымен қатар Президент үндеу барысында ертең сағат 19:00-де оппозиция өкілдерін жаппай митинг өткізуге шақырды.

Ескерте кету керек, Грузия – унитарлы парламенттік республика.

Бұған дейін Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили қамауда отырғанына қарамастан әлеуметтік желі арқылы парламентке бойкот жариялап, отандастарын наразылық шерулеріне шығуға шақырған.