×
485.11
523.82
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.11
523.82
5.02

Қазақ болған өзбек көп пе, орыс көп пе: Қазақстанның қанша азаматы ұлтын өзгертті

Бүгін, 13:24
Қазақ болған өзбек көп пе, орыс көп пе: Қазақстанның қанша азаматы ұлтын өзгертті
ашық дереккөз

Кейбір адамдар үшін соңғы екі жылдағы әлемдік саяси оқиғалар, соның ішінде Ресейдің Украинамен соғысы өздерінің жеке басы туралы рефлексияға себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ІІМ-нің Paryz.kz порталынның сауалына жолдаған жауапта айтылған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің жауабында ұлтын өзгерту бойынша ең көп өтініш 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың тамызында болғаны хабарланды. 

ҚАЙ ҰЛТ КӨП

Жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлтын өзгерткісі келгендер: 
2021 жылы – 3254 адам;
2022 жылы – 3363 адам;
2023 жылы – 3366 адам;
2024 жылы (осы күнге дейін.вр.) – 2158 адам.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкесғ әркім өзінің ұлттық, партиялық және діни ұстанымын айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. Бұл норма құқықты, яғни адамның өзінің ұлттық ерекшелігін анықтауға және көрсетуге байланысты субъективті мүмкіндіктерін бекітеді, – деп атап өтті ҚР ІІМ.

ҰЛТ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕДІ

Қазақстан азаматының ұлты ата-анасының бірінің ұлты бойынша анықталады. Егер ата-аналардың ұлты әртүрлі болса, онда оны анықтаудың арнайы тәртібі қолданылады. Ол баланың қалауы бойынша әкесінің немесе анасының ұлтына сәйкес, оған жеке куәлік және паспорт беру кезінде айқындалады ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 65-бабының 2-тармағына сәйкес). Кейін ұлтты бір рет ата-ананың қай бірінің ұлтына өзгертуге болады. 

ҚАЙ ҰЛТТАН ҚАЙ ҰЛТҚА

Сонымен, жүргізілген талдауға сәйкес, ұлтын өзгерткен қазақстандықтар:"орыстан" "неміске" – 743, "өзбектен" "қазаққа" – 354, "орыстан" "украинға" – 300, "украиннан" "орысқа" – 246, "орыстан" "қазаққа" – 118 ауыстырды, – деп нақтылады министрлік. 

ҚАНША УАҚЫТ КЕРЕК

Ата-анасының ұлты бойынша ұлтын өзгертуге ниет білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгініп, өтініш, туу туралы куәлік және жеке куәлік береді. 2 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметінің қызметкерлері ұсынылған құжаттардың негізінде ұлтын өзгерту туралы қорытынды шығарады. Шығарылған қорытынды негізінде азамат жаңа жеке куәлік ала алады.