НАТО Солтүстік Корея әскерлері Ресей мен Украина шекарасында Курск облысына жеткенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы 28 қазанда НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мәлімдеді.
РЮТТЕ ТҰЖЫРЫМЫ
Азаттықтың мәліметінше, Рютте бұл қадамды Ресейдің Украинаға қарсы толыққанды соғысының "ауыр өршуі" деп атады және бұл Ресей президенті Владимир Путин соғыста 600 000-нан астам әскери қызметкерін жоғалтқаннан кейін «үмітсіздігінің» белгісі екенін айтты.
24 қазанда Украинаның әскери барлауы Солтүстік Корея әскерлерінің алғашқы бөлімшелері Ресейдің Курск облысына орналастырылғанын хабарлаған.
АҚШ Солтүстік Корея Ресейге 3 мың әскер жіберді деп мәлімдеді және Мәскеуге Пхеньян соғысқа тікелей көмек көрсететіндіктен тиісті салдарға тап болуы мүмкін екенін ескерткен.
ПУТИН ЖАУАБЫ
24 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея әскерлері Ресейге барды ма деген сұраққа жауап бере отырып, бұл елмен стратегиялық серіктестік туралы келісім бар екенін атап өтіп, "біз не істеу керегін өзіміз білеміз" деген болатын.
Қазіргі уақытта Ресей мен Украина шекарасындағы Курск облысының кейбір ауылдарын украин әскерлері алып жатыр. Киев бұл операцияның басты мақсаты – Ресей тарапына соғыс пен шығынның не екенін түсіндіру үшін өз жерін Ресейдің шабуылдарынан қорғауДА "буферлік аймақ" құру екенін атап өтті.