×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Блогерлер 9 айда 1,2 млрд теңге салық төлеген

29.10.2024, 14:59
Блогерлер 9 айда 1,2 млрд теңге салық төлеген
ашық дереккөз

Блогерлер жыл басынан бергі 9 айда мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТІРКЕЛГЕН БЛОГЕРЛЕР

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті. Комитет дерегіне қарағанда Қазақстанда ресми 745 блогер тіркелген. 

Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңының ережелеріне сәйкес инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада басқа да тұлғаларға ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Бүгінгі таңда Республика бойынша 745 блогер (тізім әлеуметтік желілерде – Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған) бар. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады, – делінген комитет таратқан ақпаратта.

БЛОГЕРЛЕР ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ

Ведомство мәліметінше, егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса немесе оның жылдық табысының мөлшері ең төменгі 12 жалақыдан асса (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы – 85 000 теңге, бұл 1 020 000 теңгені құрайды) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Жалпы, отандық блогерлердің көпшілігі қазірдің өзінде кәсіпкер саналады және қолданылатын салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Мәселен, соңғы 9 айда олар 1 млрд 226 млн-нан астам теңге салық төледі, – деді комитеттегілер.