Мәскеу мен Пхеньян арасындағы күшейтілген әскери ынтымақтастық жаһандық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Бұл пікірді Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Азаттықтың мәліметіне сәйкес, Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ол ықтимал жауаптарды талқылау және оларға дайын болу қажет екенін атап өтті.
Украинадағы соғыс үшінші жыл бойы жалғасып келе жатқандықтан, Солтүстік Кореяның Ресеймен ынтымақтастығы қару-жарақ жеткізуден әскер жіберуге көшті. Олардың заңсыз әскери ынтымақтастығы бүкіл халықаралық қауымдастықтың қауіпсіздігіне және біздің ұлттық қауіпсіздігімізге елеулі қауіп төндіреді, –деді Оңтүстік Корея президенті.
Юн Сок Ель 28 қазанда Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенмен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайды "қиын" деп сипаттады.