×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

Қазақстанның күш құрылымдарына бөлінетін қаражат 173 млрд теңгеге ұлғайды

Бүгін, 13:54
Қазақстанның күш құрылымдарына бөлінетін қаражат 173 млрд теңгеге ұлғайды
Ulysmedia коллажы

Бұл туралы мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚҰПИЯ АҚПАРАТ

– Күш құрылымдарына бөлінген қаражат – 2,7 трлн теңге. Біз ол бағытқа бөлінген қаражатты қателеспесем, 173 млрд теңгеге ұлғайттық, – деді Мәди Тәкиев.

Оның ішінде қанша қаражат қай күш құрылымдарына бөлінгенін министр ашып айтпады. Оны құпия ақпарат деп жауап берді. Қорғаныс министрлігіне жалпы ішкі өнімнің 1 пайызынан аспайтынын айтты.

Мәди Тәкиевтің бұл сөзін мәжіліс кулуарында қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамелетдинов де қайталады.

КІМГЕ ҚАНША

2025 жылы күш құрылымдарын ұстауға қанша қаражат бөлінетінін бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі зерттеп көрген еді. Алайда бұл тек бюджеттің жобасы. Жыл соңына дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Түпкі қаражатты желтоқсанда бюджет қабылданған кезде көре аламыз.