×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада БАҚ өкілдері мен ақпарат министрлігі арасында сот өтіп жатыр

01.11.2024, 17:30
Астанада БАҚ өкілдері мен ақпарат министрлігі арасында сот өтіп жатыр
ашық дереккөз

Елорда сотында журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) тіркеудің жаңа ережелеріне қарсы талап-арыз қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Астананың ауданаралық соты 31 қазанда Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы журналистердің талап-арызын қарауға кіріскен.

Азаттықтың жазуына қарағанда, сотқа жүгінген журналистер жаңа ережелер елдегі сөз бостандығын, тілшілердің кедергісіз жұмысын шектейді дейді. Ал министрлік өкілдері шектеулер жоқ деп мәлімдеді.

Журналистер тобы қазан айының ортасында Министрліктің жаңа ережелер туралы қаулысының күшін жою туралы сотқа жүгінген болатын.

АККРЕДИТТЕУ ШАРТТАРЫНАН ШЫҚҚАН 

Сөз бостандығы үшін күресетін "Әділ сөз" ұйымының мәлімдемесінде айтылғандай, негізгі мәселе аккредиттеу шарттарына байланысты. Себебі жаңа ереже бойынша, репортер кез-келген БАҚ атынан мемлекеттік органнан алынған ақпаратты тек осы платформада ғана жариялауға құқылы және егер ол мұндай талапты екі рет бұзса, ол алты айға дейін аккредиттеуден айырылады. 

Құқық қорғаушылардың пікірінше, мұндай талап Қазақстан Конституциясына да, БАҚ туралы заңға да қайшы келеді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сот талқылауы туралы сұраққа жауап бере отырып, журналистердің сотқа жүгінуі олардың жеке конституциялық құқығы екенін айтты және министрлік өз ұстанымын қорғауды жалғастыратынын атап өтті.