×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ыстамбұлда оппозиция ереуілге шықты

01.11.2024, 22:45
Ыстамбұлда оппозиция ереуілге шықты
Ашық дереккөз

Ыстанбұлдық саясаткер Ахмет Озердің қамауға алынып, қызметінен шеттетілуі оппозицияның ашуын тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Билік оны 23 қазанда Анкара маңындағы лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған Күрдістан жұмысшы партиясына «қатысы бар» деп айыптап отыр. 

Еuronews-ның жазуынша, Ыстанбұлда жүздеген адам қалалық аудандардың бірінің мэрі заңсыз Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деген айыппен тұтқындалып, қызметінен алынуына наразылық білдіру үшін жиналған.

Сәрсенбі күні Ыстанбұлдағы халық тығыз орналасқан Есеньюрт ауданының әкімі, оппозициялық Республикалық халық партиясының мүшесі Ахмет Озерді лаңкестікпен күрес полициясы ұстаған.

Бейсенбіде үкімет Озердің орнына Ыстанбұл провинциясының вицепрефектін тағайындады, бұл биліктің Түркияның оңтүстік-шығысындағы күрдтерді қолдайтын мэрлерді ауыстыру тәжірибесін еске түсіріп отыр.

БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ

Кемалшылар көшбасшысы Озгюр Озель және басқа да саясаткерлер мұны «төңкеріс» деп атады. Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу және Ердоғанның әлеуетті бәсекелесі оның одақтасына жасалған шабуыл – биліктің қалаға «бақылауды күшейту» әдісі екенін айтты.

Билік қала әкімдігі алдында шеру өткізуге тыйым салғаннан кейін демонстранттар Ыстанбұлдың батыс шетіндегі Босфор бұғазының Еуропа жағалауындағы Есеньюрт алаңына жиналды.

Кейбіреулер «Біз тағайындалған мэрді емес, сайланған мэрді қалаймыз» деген жазуы бар транспоранттар көтеріп, президент Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап етті.

64 жастағы Озер – атақты әлеуметтанушы және бұрынғы академик. Наурызда өткен жергілікті сайлауда орталық солшыл Республикалық халық партиясы мен солшыл күрдтерді қолдайтын DEM арасындағы бейресми альянстың арқасында Есеньюрт қаласының мэрі болып сайланған.