×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Миллион «долларды» жағып жіберді

08.12.2021, 07:26
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері аса ірі мөлшердегі өтірік шетел валютасын анықтап, жойғандарын мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia. 

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алынған миллионға жуық долларды пешке жақты.

«Қызметкерлер бақылау сатып алу жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды», – деп түсіндіреді құзырлы орын өкілдері.

Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленіп отыр.

Серіктес жаңалықтары