Сербияның халық көп шоғырланланған қалаларының бірі Нови-Садтегі теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ел президенті Александр Вучич мәлімдеді.
«Бұл соңғы мәлімет деп үміттенеміз – 14 адам қаза тапты. Олардың ішінде біз бес адамды анықтай алмадық», – деді Вучич қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң.
Құтқару операциясы көп ұзамай аяқталды. Қаза тапқан 14 адамнан басқа үш адам жарақат алды.
Сербия билігі сенбіні қаралы күн деп жариялады.
Шатыр жергілікті уақыт бойынша түске таман вокзал сыртындағы орындықтарда отырған адамдардың үстіне құлаған.