×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Геосаяси ахуал: Қазақстанда әскери кафедралардың оқыту жүйесі өзгереді

02.11.2024, 17:13
Геосаяси ахуал: Қазақстанда әскери кафедралардың оқыту жүйесі өзгереді
sarbaz.kz

Қазақстанда әскери кафедраларда офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларын Қарулы күштер ұсынған критерийлер ескеріле отырып қайта қаралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМДЕМЕ

– Қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы азаматтарды әскери қызметке дайындауды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып отыр. Әйтсе де біз запастағы офицерлерге тиісті көңіл бөле бермейміз. Әскери кафедралардың барлық қызметі әскери іс бойынша берік білім алуға бағытталуы тиіс. Әскери кафедралардың қызмет аясы кеңеюі керек. Олар жастарды әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу орталықтарына айналуы тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

КАФЕДРАЛАРҒА ЖАҢА ҚҰЗЫРЕТ БЕРІЛЕДІ

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери міндеттілерді әскери дайындау мен қайта дайындауды жетілдіру бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа талаптар шеңберінде Қорғаныс министрлігіне білім беру ұйымдарында әскери дайындықты мониторингілеу және талдау құзыреті берілмек. Сонымен қатар әскери кафедраларда жекелеген тапшы мамандықтар бойынша запастағы қатардағы жауынгерлерді дайындау енгізіледі. 

– Әскери кафедра бұл әскери билет алудың немесе қызметтен жалтарудың мүмкіндігі емес. Біріншіден, бұл біздің резервіміз. Әскери кафедраны бітірген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскерлерге келіп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануы керек. Ал сіздердің міндетіңіз – оларды жоғары патриотизм рухында тәрбиелеу, – деп жалғастырды Қорғаныс министрі.