×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Бұл – менің саналы шешімім”: ұлты кәріс Влад деген азамат есімін Болат деп өзгертті

03.11.2024, 00:26
“Бұл – менің саналы шешімім”: ұлты кәріс Влад деген азамат есімін Болат деп өзгертті
Скриншот

Әлеуметтік желідегі парақшасында ол не себепті есімін өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Мен неге Влад деген есімімді Болат деп өзгерттім? Мен осылай, өткен ғасырдың отызыншы жылдары кәрістерге аман қалуға көмектескен қазақ халқына алғысымды білдіргім келді, – дейді ол азамат.

Влад Мун осылайша, Болат Мун болып өзгерді. Желіде оның бұл таңдауын көпшілік жақсы қабылдағанымен, “хайп ұстап жүрсің” деп сынағандар да болған. Алайда ол “ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді, бұл менің саналы шешімім” деп жауап берген.

Ол желідегі әңгімесінің бірінде Қазақстандағы лагерьге айдалған әйелдерге құрт лақтырып, қиын кезде көмек берген балалардың ерлігін айтады. “Олар лагерьде орыс па, кәріс пе, неміс пе – кім отырғанын білмеді, жай ғана адамгершілік танытты” дейді.

Ulysmedia.kz бұған дейін Қазақстанда қанша азамат ұлтын өзгерткенін жазған еді. Кейбір адамдар үшін соңғы екі жылдағы әлемдік саяси оқиғалар, соның ішінде Ресейдің Украинамен соғысы өздерінің жеке басы туралы рефлексияға себеп болған.