×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Аяусыз жауап береміз» – Иран көсемі АҚШ пен Израильді қорқытты

03.11.2024, 11:41
«Аяусыз жауап береміз» – Иран көсемі АҚШ пен Израильді қорқытты
Anadolu/Getty Images

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға және қарсыласу майданына қарсы әрекеттері үшін «жойқын жауап» алатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Ислам Республикасына қарсы дұшпандық әрекеттердің «ұмытылмайтынын» атап өтті, бірақ нақты не туралы айтып жатқанын нақтыламады. Bloomberg бұл мәлімдеме Израильдің 26 қазанда Ирандағы әскери нысандарға жасаған шабуылына жауап ретінде жасалуы мүмкін екенін жазды.

СӨЗБЕ-СӨЗ

«Дұшпандар, сионистік режим немесе Америка Құрама Штаттары болсын, Иран мен қарсыласу майданына қарсы әрекеттері үшін сөзсіз ауыр жауап алады»,  деді аятолла.

Хаменеи Ислам Республикасына қарсы дұшпандық әрекеттер «ұмытылмайтынын» атап өтті, бірақ басқа мәліметтерді жарияламады.

ИЗРАИЛЬДІҢ СОҚҚЫСЫ

Бұдан кейін Израиль қорғаныс күштері 100-ден астам жойғыш ұшағымен соққы берді, деп хабарлайды агенттік.

Израиль Қарулы күштерінің  өкілі Даниел Хагари сол күні Иран "Израильге екі рет шабуыл жасады, оның ішінде бейбіт тұрғындарға қауіп төндіретін жерлерге де шабуыл жасады және оның ақысын алды" деді.

Оның айтуынша, Израиль ұшақтары Израилге қарсы соққыларда қолданылған зымырандарды өндіру нысандарына, сондай-ақ Иранның «жер-әуе» зымыран жүйелері мен Иранның әуе кеңістігінде Израильдің әрекет ету еркіндігін шектейтін Иранның әуе нысандарын атқылаған.

АҚШ-тың ЖАУАБЫ

Ал The Times of Israel жазғандай, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің ресми өкілі Израиль соққыларынан кейін журналистермен болған брифингте Вашингтон шабуылға қатыспағанын айтқан. Сонымен бірге, ол Иран кек қайтарған жағдайда АҚШ-тың ол шабуылға тойтарыс беруге дайын екенін растады.