×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Молдовада президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті деп танылды

03.11.2024, 17:14
Молдовада президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті деп танылды
Фото: Dumitru Doru / EPA

Орталық сайлау комиссиясы Молдовадағы президент сайлауының екінші кезеңін өтті деп таныды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Молдовадағы президенттік сайлаудың екінші турында сайлаушылардың қатысуы дауысты жарамды деп тану үшін қажетті 20 пайыздан асқан.

Оған нақты уақыт режимінде Республика Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы мәліметтерді жаңартып отыратын ақпараттық жүйенің алдын ала мәліметтері дәлел.

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ: 2-ТУР

Еске сала кетсек, бүгін, қарашаның 3-і күні Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр.

Ел азаматтары алдағы төрт жылға мемлекет басшысын сайлайды.

Екінші турда «Әрекет және ынтымақ» партиясынан үміткер болған қазіргі президент Майя Санду кандидатурасын Молдова Республикасының Социалистік партиясы ұсынған экс-бас прокурор Александру Стояногломен бақ таластырып жатыр. Бұл үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған болатын.

КЕРЕК ДЕРЕК

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылып, кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Республика бойынша дауыс беруге 2 819 996 бюллетень дайындалды, тағы 839,2 мыңы шетелдегі сайлау учаскелеріне арналған.

Барлығы 2200-ден астам сайлау учаскелері құрылды, оның ішінде 30-ы Приднестровье аймағының тұрғындары үшін, 300-ден астамы Кишинев пен оның маңында, 234-і шетелде.

Сайланған президент 45 күн ішінде ант береді.

20 қазанда Молдовада ЕО-ға кіру бойынша референдум және президент сайлауының бірінші кезеңі өтті.

Сайлаушылардың 50,35%-ы республиканың ЕО-ға одан әрі қосылуы үшін Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап, 49,65%-ы «қарсы» дауыс берді.