×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Газада кепілге алынған 101 адамның жартысынан астамы қаза болған

04.11.2024, 09:02
Газада кепілге алынған 101 адамның жартысынан астамы қаза болған
Ашық дереккөз

Израиль Хайом ішкі дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ пен Еуропалық Одақ лаңкес деп таныған палестиналық ХАМАС тобының Газа секторында кепілге алған 101 израильдіктің тек 51-інің ғана аман қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Израиль билігі кепілге алынған 37 адамның қаза тапқанын растаған болатын.

Газет кепілге алынғандардың өлімі туралы хабар арнайы қызметтің ақпараты негізінде жазылғанын хабарлады. Израиль шенеуніктері кепілге алынғандардың жағдайын ескере отырып, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деп санайды.

2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС Газа секторынан Израильге шабуыл жасағанда, олар бір күнде 1197 адамды өлтіріп, 251 адамды кепілге алды, олардың кейбіреулері кейін босатылып, кейбіреулері қайтыс болды.

Қазан айында осы қанды оқиғадан кейін Израиль Газа секторына шабуыл жасады. Қазір ол Газадағы ХАМАС-пен, Ливандағы Хезболламен және Йемендегі хусит көтерілісшілерімен соғысуда. Олардың барлығы Иранның аймақтағы сенімді өкілдері. Израиль бірқатар жетекшілерінің өлтірілгенін хабарлады.

ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау мекемесінің мәліметі бойынша, соғыс басталғалы бері бұл аймақта 43 мыңға жуық адам қаза тапқан.