×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны расталды: оған қандай айып тағылып отыр

04.11.2024, 09:02
Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны расталды: оған қандай айып тағылып отыр
Коллаж Ulysmedia.kz

Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны ресми расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда 2021 жылғы маусымда А. есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, сол кісіні ұрлады деген күдікпен бес азамат ұсталған. Оларды Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот соттап, қазіргі уақытта қылмыскерлер жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.

ЖАҢА ДЕРЕК

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 2024 жылдың 2 қарашасында Қ. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жалғасуда, делінген ПД хабарламасында.

Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілген.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың қазасынан кейін қаладағы бұзақылық, қылмыстық істердің артында тұрған басты адам, “Хутор” ҰҚТ-ның жетекшісі ретінде айтыла бастады. Алайда ресми органдар мұны терістеп, Талғарда ешқандай қылмыстық топ жоқ, аталған оқиғалар бойынша күдіктілердің Хасан Қасымбаевпен байланысы анықталмады деген. Хасан Қасымбаев та көпшілікке үндеу жолдап, өзінің қандайда бір қылмыстық әрекеттермен байланысын жоққа шығарған. “Хасанды” қорғап үндеу жасаған ауылдастары оны қайырымды, ауылға, мұқтаж адамдарға белсене қол үшін беретін адам ретінде сипаттаған. Жуырда қоғамдық резонансқа айналған істен кейін Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған.