×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ресей әскері Курахово маңындағы украин қорғанысын қысымға алып жатыр –  украин деректері

05.11.2024, 08:34
Ресей әскері Курахово маңындағы украин қорғанысын қысымға алып жатыр –  украин деректері
Көрнекі сурет

Соңғы тәулікте Ресей әскері Донецк облысындағы Курахово қаласы маңында екі флангтан украин бөлімшелерін тықсырып, жаңа аумақтарды басып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР

DeepState жобасы фронт сызығының күнделікті жаңартылған картасында ресейліктер Курахово орналасқан су қоймасының солтүстік жағалауындағы Степановканы басып алғанын және Кременная Балка маңында шығыстан Кураховоға, сондай-ақ оңтүстіктегі Богоявленка аймағында ілгерілегенін растады.

ӘСКЕРИ БЛОГЕРЛЕР ДЕРЕГІ

Украин әскери блогерлері Богдан Мирошников пен Олег Петренко ресейлік әскер Курахово мен Курахово-Запорожье жолы бағытына оңтүстіктен – Богоявленка, Максимовка және Ясная Поляна бағыттарынан тез ілгерілеп келе жатқанын айтады. Курахово мен оны тылмен байланыстыратын жолға дейін бірнеше шақырым ғана қалған.

Сондай-ақ Мирошниковтың мәліметінше, су қоймасының солтүстік жағалауында ресейліктер Степановкадан әрі өтіп, Ильинка ауылын басып алған.

ҚОРШАУ

Осылайша, Ресей әскері Курахово маңында қаланы үш жағынан қоршауға жақындауда. Кейбір әскери сарапшылардың пікірінше, украин бөлімшелерінің Кураховодан шегінуі тек уақыт еншісіндегі мәселесі болуы мүмкін.

Курахово Донецк қаласының батысында, үлкен соғыс басталған кезде фронт сызығынан шамамен 20 км қашықтықта орналасқан. Соғысқа дейін Курахово қаласында шамамен 20 мың адам тұрған.

СОҒЫСТАН ҚАЖУ

Ресейдің Украинаға басып кіруі екі елге де ауыр шығын әкелген ұзаққа созылған соғысқа айналды. Украинаның серіктес елдері де соғыстың әсерінен қажи бастады. Әскери және қаржылық көмек бәсеңдегендіктен, Украина әскері Ресейдің шабуылына төтеп беру үшін өз күшін сақтауға мәжбүр.

Кеше «Система» зерттеу басылымы Ресейдің Украинамен бейбіт келісімге қатысты алғашқы ұсыныстарын қолға түсіріп, оның мазмұнын жариялаған.