×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды

05.11.2024, 10:24
«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды
Көрнекі сурет

Жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Медеу ауданының соты «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған.

“Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ” делінген хабараламада.

Күні кеше ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталған. Атап айтқанда Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылған.