ВВС арнасы АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис пен Дональд Трамптың сайлаудан кейінгі дауыс санау барысын қай жерде отырып бақылайтынын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дональд Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясына барады деп күтіліп отыр. New York Times газетінің хабарлауынша, оған бизнесмен Илон Маск қосылатын көрінеді.
Ал Камала Харрис сайлау түнін өзінің туған қаласы Вашингтондағы Ховард университетінде өткізеді.
“АҚШ президенті Джо Байден көмекшілері мен негізгі әкімшілік шенеуніктерімен бірге Ақ үйде қалып, дауыс беру нәтижелерін бақыламақ”, деп жазды ВВС.
АҚШ-та елдің 47-ші президентін сайлау өтіп жатыр. Қазіргі президент Джо Байден екінші мерзімге сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдаған, сондықтан демократтар атынан вице-президент Камала Харрис кандидат ретінде ұсынылды.