×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ-тағы сайлау: Трамп алда келеді

06.11.2024, 08:28
АҚШ-тағы сайлау: Трамп алда келеді
Getty Images

АҚШ-тағы сайлауда шешуші болып саналатын құбылмалы штаттардағы жағдай белгілі бола бастады. Оған сай, үміткер Трамп алда келеді, алайда Харристің оны басып оқуға әлі де мүмкіндігі бар, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Джорджия –  дауыстардың 77%-ы саналып болды, Трамп 52,2%-бен алда, Харристің үлесі 47,1%. Атлантадан әлі дауыстар саналу керек, мұнда Харрис жақсы көрсеткіштерге ие, бірақ айырмашылықты қысқарту демократ кандидаты үшін өте қиын болады.

Солтүстік Каролина – дауыстардың 55%-ы саналған. Мұнда да Трамп алда, оның көрсеткіші – 51%, Харристің үлесі – 47,9%. Мұнда 3 миллионнан астам дауыс берілген.

Бұл екі штатта Трамп қазіргі уақытта фаворит болып отыр. Егер осы нәтижелерде үлкен өзгерістер болмаса, Харрис жеңіске жету үшін үш солтүстіктегі негізгі штатта жеңуі керек болады –  бұл мүмкін болғанымен, өте қиын.

Харристің жеңіске жету мүмкіндігі Висконсин, Мичиган және Пенсильвания штаттарындағы жеңістерге байланысты.

Висконсин – бұл жерде 35% дауыс саналды, кандидаттар арасындағы айырмашылық минималды: Трамп – 49,6%, Харрис – 48,8%.

Мичиган – дауыстардың 17%-ы саналды: Харрис – 51%, Трамп – 47,2%.

Пенсильвания – дауыстардың 45%-ы саналды: Харрис – 49,7%, Трамп – 49,38%.

Бүған дейін Edison Research компаниясының АҚШ-тағы алғашқы ұлттық экзит-поллына сәйкес, бүкіл ел бойынша сайлаушылардың 44 пайызы Трампқа оң көзқараста екенін айтса, 48 пайызы Харристі қолдаған. Алайда АҚШ-тағы сайлауда экзит-полл сайлау нәтижесін түпкілікті болжай бермейді. Әрі бұдан бөлек те экзит-поллдар нәтижесі жариялануы мүмкін.