×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Немеремнің басын қалай улап жатқанын білмеймін – депутат балабақшадан қорқатынын айтты

06.11.2024, 11:40
Немеремнің басын қалай улап жатқанын білмеймін – депутат балабақшадан қорқатынын айтты
Мәжіліс сайты

Парламент мәжілісінде заңнамаға білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге арналған заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Отырыс барысында депутат Еділ Жаңбыршин балабақшаларды лицензия арқылы бақылау тетігін тезірек енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, мұны көпке созуға болмайды.

– Лицензияны кіргізу керек. Кәсіпкерлік кодексті алып тастау керек. Балаға білім беретін, тәрбие беретін нысандардың бәрін прокуратурасыз барып тексеруіміз керек. Мен өзі немеремді ондай жеруге беруден қорқам. Себебі ол анандай жерден қандай адам болып шығуы мүмкін? Ол жерге қандай адам кіріп, жұмыс істеп жатыр? Білмеймін ғой, оның басын қалай улап жатқанын», – дейді Еділ Жаңбыршин.

Депутат министрді “ешкімнен де қорықпауға” шақырды.

– Егер сізге депутаттар тарапынан қолдау керек болса, көмек керек болса,  біз дайынбыз. Жеке меншік балабақшалар шулайды деп біз лицензияны кіргізбеуіміз керек пе? Олар кім сонша? Мемлекеттің барлық мүддесін ұстап отырған кәсіпкерлер ме? Олай емес. Министрлік мемлекеттік саясатты жүргізу керек», –  деді ол.

Айта кетейік, аталмыш заң жобасында колледждерде онлайн оқыту тәсілін кеңінен тарату көзделіп отыр, – дейді ол. 

ЗАҢ ЖОБАСЫ ЖАЙЛЫ

Заң жобасы жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларға орналастыру тәртібін регламенттейді. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту және олардың еңбегіне ақы төлеу тетіктерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау нысандарын айқындайды.

Заң жобасымен рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдары үшін қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жасау тәртібі енгізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың меншік нысанына қарамастан, барлық мектептерде әлеуметтік осал санаттағы отбасының балаларына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі құзырет беріледі. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн оқыту нысаны және академиялық ұтқырлық қағидаты енгізіледі.