×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дональт Трамп – АҚШ президенті – Bloomberg

06.11.2024, 11:57
Дональт Трамп – АҚШ президенті – Bloomberg
Bloomberg

Дональт Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙЫ

Bloomberg агенттігінің дерегінше, ол президент атануға мүмкіндік беретін 270 дауыстан асып, 277 дауысқа ие болған. Бұл ресми түпкілікті нәтиже емес, бірқатар штаттарда дауыс санау әлі де жүріп жатыр. 

ҚҰБЫЛМАЛЫ ШТАТТАР

AP агенттігінің дерегінше, құбылмалы штаттардағы жағдай төмендегідей:

Дональд Трамп дауыстарды санау барысында барлық жеті құбылмалы штатта алда келеді.

- Мичиган: Трамп – 52,3%, Харрис – 46% (дауыстардың 59%-ы есептелгеннен кейін);

- Висконсин: Трамп – 51,4%, Харрис – 47,2% (дауыстардың 86%-ы есептелгеннен кейін);

- Пенсильвания: Трамп – 51,3%, Харрис – 47,8% (дауыстардың 90%-ы есептелгеннен кейін);

- Солтүстік Каролина: Трамп – 51%, Харрис – 47,8% (дауыстардың 98%-ы есептелгеннен кейін);

- Невада: Трамп – 50,9%, Харрис – 47,5% (дауыстардың 75%-ы есептелгеннен кейін);

- Джорджия: Трамп – 50,9%, Харрис – 48,4% (дауыстардың 94%-ы есептелгеннен кейін);

- Аризона: Трамп – 49,9%, Харрис – 49,2% (дауыстардың 51%-ы есептелгеннен кейін).

Нәтижені өз пайдасына бұру үшін екі кандидат та сайлауға дейінгі соңғы күндерде негізінен осы жеті құбылмалы штатта белсенділік танытқан

Америка Құрама Штаттарында барлығы 538 сайлаушы дауыс бар. Президентті сайлау үшін осы 538 дауысынан 270 дауыс қажет. Калифорния штаты ең көп сайлаушы дасы бар штат. Онда 54 дауыс бар.