×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлттық банк ақша аударымдарына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Ұлттық банк ақша аударымдарына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Банктің 2024 жылғы 6 қарашада жариялаған мәліметіне сәйкес:

Халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді".

Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. 

Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады, – деп мәлімдеді  Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Сонымен қатар ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді.

Сондай кезде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022-ні енгізетін демалыс күндерінде, – дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

ISO 20022 ДЕГЕН НЕ

Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етіп жатыр. Бұл жұмыстар 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін жүзеге асырылады.

Еске салсақ, ISO 20022 – электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған. Бұл стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 негізінде жүзеге асырылатын жаңа шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларын алмасудың біріздендірілген моделін қолдану арқылы барлық тараптың шығынын азайтады.