×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер Қазақстанда 7, 8 және 9 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӨКТАЙҒАҚ, ЖЕЛ, ТҰМАН

Болжам бойынша, ел аумағының басым бөлігін ауқымды циклон жауып, соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жуын-шашын жауып, жаңбыр қарға айналады, елдің солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын болады, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, екпінді жел және тұман күтіледі.

ЖАУЫН-ШАШЫН

7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында жел соғады, екпіні секундына 30 метр және одан да көп.

Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасының түнде 5-10-ға дейін, күндіз 2-7-ге дейін төмендеуі күтіледі, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градусқа дейін төмендейді - таулы аудандарда 6-11 градус болады, – делінген хабарламада.