×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Германияның жаңа канцлері сайланды

08.12.2021, 21:04
Фото: ашық дереккөз

Социал-демократ Олаф Шольц Германияның жаңа канцлері болып тағайындалды. Тағайындау туралы ресми мадақтаманы оған ел президенті Франк-Фальтер Штайнмайер табыстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

lenta.ru-дың мәліметінше, салтанатты іс-шарасы президенттік Бельвю сарайында өтті.

Шольц 395 депутаттың дауысына ие болды, 303 депутат қарсы шықты. Бұған дейін ел үкіметін 16 жыл бойы Ангела Меркель басқарған еді. 

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Олаф Шольцті Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Канцлері қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтады.

«Бұл тарихи оқиға – халқыңыздың Сізге және Өзіңіз басқарып отырған коалицияға еліңіздің саяси-экономикалық өркендеуін жалғастыруға, сондай-ақ оның халықаралық деңгейдегі ұлттық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға артқан сенімінің айқын дәлелі. Осы тұста Сіздің қажырлы еңбегіңіз Отаныңызды бүгінгіден де биік белестер мен жаңа табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін», - делінген құттықтау хатта.

Серіктес жаңалықтары