×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстандағы «Алтын Дала» бастамасы The Earthshot Prize сыйлығын жеңіп алды

07.11.2024, 18:16
Қазақстандағы «Алтын Дала» бастамасы The Earthshot Prize сыйлығын жеңіп алды
ҚБСҚ

The Earthshot Prize премиясында «Алтын дала» бастамасы Қазақстандағы дала экожүйесін сақтап қалу жолында жеткен жетістігі үшін «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап.

КИІК САНЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ ЕРЕН ЕҢБЕК

«Алтын дала» 2005 жылы құрылған. Бұл – Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК), «Fauna & Flora» халықаралық ұйымы (FFI), Франкфурт зоология қоғамы (FZS) мен Корольдық құстарды қорғау одағы (RSPB) — бәрінің Қазақстандағы даланың тұтастығын сақтап, ақбөкен санын қалпына келтіру жолындағы ерен еңбегінің жемісі.

«Алтын Дала» бастамасы далалы экожүйелердегі ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды кеңейтіп, ақбөкенді көбейте алған жетістігі үшін The Earthshot Prize премиясында ақтық сынға түсті. 2020 жылы Уильям ханзада мен Сэр Дэвид Аттенборо ұсынған The Earthshot Prize премиясы — жаһандағы табиғатты қалпына келтіру инновацияларына берілетін марапат.

9,5 МЛН ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯ

«Алтын дала» серіктестері ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды құру және кеңейту, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу, сиректеп кеткен түрлер популяциясын жаңғыртып, жабайы жануарлар мен олардың дериватын заңнан тыс саудалаумен күресу, мамандарды кәсіби тұрғыда дайындап, халықтың сауатын ашу секілді табиғатты қорғайтын іс-шараларды өткізеді. Бүгінге дейін серіктестер 9,5 млн АҚШ доллары көлемінде сырттан инвестиция құйды.

– Министрлік пен серіктестеріміздің аянбай еткен еңбегі әлем деңгейінде еленіп жатқанына қуанып отырмыз. Бұл марапат Қазақстанда табиғатты қорғайтын бастамалар көбеюіне үлкен септігін тигізеді», – дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.

Ал Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы атқарушы ректоры Вера Воронова The Earthshot Prize премиясын жеңіп алу мүмкін емес нәрсе боп көрінгенін мойындайды.

– Бұл – табиғат қорғау саласындағы атсалысып жұмыс істеудің көрсеткіші. Премия арқасында біз әлі де талай жобаның көшін бастап, ынтымақтастығымызды кеңейтеміз деген ойымыз бар. Биоәралуандық пен ауа райының өзгеруі мәселелері әлі күнге дейін бар екеніне қарамастан, оптимизмім мен үмітім зор. Неге дейсіздер ғой? Себебі табиғатқа қол ұшын тигізбей, бітімге келген сайын ол өзімен-өзі қалпына келіп, жаңғыра ала алады.

Ал Қазақстанда ғажап түрде ақбөкеннің көбейгені — осының дәлелі.  Жерімізді қорғап, үйрететін бағдарламалармен жұмыс істеп табиғат пен серіктестеріміздің күші бірлікте екенін көрсете аламыз. Марапатты «Алтын дала» серіктестері атынан алғанымды зор құрмет деп білем: Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі және азаматтық қоғам ұйымдары: АСБК, Халықаралық Fauna & Flora, Франкфурт зоология қоғамы мен RSPB. Бұл марапат — кейінгі жиырма жылда осыған атсалысқан адамдардың маңдай тері мен еңбегінің жемісі: олар көшбасшылар, ғалымдар, орманшылар, оқытушылар. Бізді үміткер етіп ұсынған БҰҰ Экожүйелерді қалпына келтіру онжылдығына, бізді соған лайық деп санаған Earthshot премиясына әрі осы премияны тағайындаған, табиғатты қорғауға үндеу жасаған Уильям ханзадаға алғыс айтамын, – дейді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша Батыс Қазақстанның өзінде ғана киік саны 1,6 млн басқа жеткен.