×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада жел салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры қирады

Астанада жел салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры қирады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты (желдің екпіні 26 м/с дейін) табиғи сипаттағы төтенше жағдай тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД МӘЛІМДЕМЕСІ

ТЖД мәліметінше, жоспарлау және жедел басқару орталығына болған оқиғалар бойынша 19 хабарлама келіп түсті.

Оның ішінде – бір мұнара краны құлаған. Сегіз шатыр конструкциясы, екі әкімшілік ғимарат щатыры қираған. Бір үйдің балкон конструкциясының бұзылған. Алты көлікке зақым келген, – делінген хабарламада.

СИНОПТИКТЕР ЕСКЕРТЕДІ

Төтенше жағдай инспекторлары қатты желден қираған орындарға барып, белгілеп жатыр.

Бұған дейін Астанада ұйытқыған желдің екпінінен сәкі «көшіп кеткенін» жазған едік. Сондай-ақ "Қазгидромет" синоптиктері 8 қарашада Қазақстанның 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.