×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Испанияда су тасқыны: құрбандар саны 223-ке жеткен

Испанияда су тасқыны: құрбандар саны 223-ке жеткен
Фото: Euronews

Жәбірленушілердің көпшілігі Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАСС-тың жазуынша, Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 223-ке жетті, құрбандардың басым көпшілігі елдің шығысындағы Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген. Бұл туралы Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте X желісінде хабарлады.

223 адам қаза тапты, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, Валенсияда 215 құрбан тіркелгенін, Кастилия-Ла-Манча автономды қауымдастығында – 7, Андалусияда – 1.

Хабар-ошарсыз кеткендердің саны – 78. Бұл ретте ведомство басшысы апат кезінде қаза тапқандардың 48-і әлі анықталмағанын атап өтті.

Испанияның оңтүстік-шығысындағы бүкіл аудандар мен ауылдар қирандыға айналды. Мұндай жойқын апаттың себебі аймаққа келген DANA класындағы дауыл болды. Ол көбінесе табиғи апаттарға айналатын атмосфералық «суық тамшы» құбылысын тудырды. Испания Премьер-министрі Педро Санчес осы ғасырда көрген ең ауыр су тасқынынан кейін өз елін қалпына келтіруге көмектесу үшін Еуропалық ынтымақтастық қорынан қаражат сұрады.