×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Досаев: Салық кезеңі ұлттық валютаға қолдау көрсете алмай отыр

09.12.2021, 08:12
Досаев: Салық кезеңі ұлттық валютаға қолдау көрсете алмай отыр
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев неліктен валюталық интервенция жүргізгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл қарашада коронавирустың жаңа штаммының табылуы және оның АҚШ пен Еуропада таралуы туралы хабарлардың тарауы аясында әлемдік қаржы және тауар нарықтарында жоғары құбылмалылық байқалды. Бұл мұнайдың белгіленген бағасының күрт төмендеуіне алып келді. Мұнайдың әлемдік бағасы тамыздың соңынан бастап ең төменгі деңгей – бір баррель үшін 65-66 АҚШ долларына дейін төмендеді», - деді ол үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, әлемдік валюта нарығында да дамушы елдер валюталарының жаһандық әлсіреуі байқалған: Ресей рублі бір айда 4,7%-ке, Оңтүстік Африка ранды 4,3%-ке, Мексика песосы 4,3%-ке әлсіреді.

Іргелі факторлардың нашарлауы қарашада теңгенің бір АҚШ доллары үшін 434 теңге 20 тиынға дейін 1,7%-ке әлсіреуіне себеп болған. Биылғы жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 434 теңге 46 тиын болды.

«Бюджетке трансферттер бөлу үшін Ұлттық қор қаражатын конвертациялау операциялары және квазимемлекеттік сектор сатулары ұлттық валютаға қолдау көрсетті. Бұл ретте салық кезеңі экспорттаушылардағы теңгелік өтімділіктің жеткіліктілігіне байланысты ұлттық валютаға айтарлықтай қолдау көрсете алған жоқ. Белгісіздіктің туындауы мен сыртқы жағдайлардың күрт нашарлауы аясында жеке және заңды тұлғаларда шетел валютасына сұраныс айтарлықтай өсті. Ұлттық Банк теңгені тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау мақсатында биылғы жылғы қарашаның соңғы күндерінде 239 млн. АҚШ доллары сомасына 2020 жылғы қазаннан бастап алғаш рет валюталық интервенция жүргізді», - деді ол.