×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде жеке медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауыстырылады

Елімізде жеке медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауыстырылады
Фото: egov.kz

Қазақстанда жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДСМ НЕ ДЕЙДІ

Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн. азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында – 780 мың, білім беру саласында – 550 мың, денсаулық сақтау саласында – 272 мың және жеке секторда – 52 мың медициналық кітапша бар, – делінген хабарламада.

ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕЙДІ

Сондай-ақ ДСМ мәліметінше, электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.

Тағы бір маңызды артықшылық – бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін сан кітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеу үшін көзделген.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың жүрек-қан тамырлары, онкология аурулары елдегі ересектер арасында көп таралып жатқанына алаңдап отырғанын жазған едік.