×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Испанияда 130 мың адам шеруге шығып, провинция президентінің отставкасын талап етті

10.11.2024, 14:21
Испанияда 130 мың адам шеруге шығып, провинция президентінің отставкасын талап етті
Ашық дереккөзден

Валенсия көшелеріне 130 мыңға жуық адам жиналып, провинция президенті Карлос Мазонның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАСТЫ СЕБЕБІ

Наразылық акциясына жойқын су тасқыны салдарынан 223 адамның қаза табуы себеп болған. El Pais басылымының хабарлауынша, наразылық білдірушілер жүздеген құрбан жандар үшін Мазонды айыптаған. Шерушілер Валенсия басшысы түскі асын асықпай ішемін дегенше ондаған қала су астында қалып, салдарынан 223 адам қаза тапқанын айыптаған плакаттар ұстап шықты. 

21 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ҮЛКЕН ШЕРУ

Кейбір жерлерде бірен-саран қақтығыстар болғанымен наразылық шеруі бейбіт түрде өткені хабарланды. Бұл Ирактағы соғысқа қарсы көшеге шыққан 2003 жылдан бергі Валенсиядағы ең үлкен наразылық болды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ШАРА

Кейін желіде қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерді қалай ығыстырып жатқанын көрсететін бейнежазбалар пайда болды, сондай-ақ гранаталардың жарылыстары естілді.

Еске сала кетсек, жуырда Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 223-ке жеткенін хабарлағанбыз. Жәбірленушілердің көпшілігі Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген. 

Сондай-ақ кеше Каталонияның метеорологиялық қызметі аймақ тұрғындарына алдағы тәулікте жаңа су тасқынын тудыруы мүмкін нөсер жаңбыр жауатынын ескертті.