×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақмоладағы жол апаты: автобус жүргізушісі 3 жарым жылға сотталды

10.11.2024, 18:37
Ақмоладағы жол апаты: автобус жүргізушісі 3 жарым жылға сотталды
sud.gov.kz

Ақмола облысында адам өліміне соқтырған жол апатынан кейін мектеп оқкшылары мінген автобус жүргізушісі бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ҮКІМІ

Адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзды деп айыпталған 63 жастағы жүргізуші үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Зеренді аудандық соты 63 жастағы шағын автобус жүргізушісін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бес жылға көлік жүргізу құқығынан айрыла отырып, ең төменгі қауіпсіздік режиміндегі колонияда 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген сот үкімінде.

ОҚЫС ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Оқиға 2024 жылдың 4 ақпанында болған. «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жайдарман ойындары финалына қатысу үшін Көкшетауға Есіл аудандық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының жеті баласы бара жатқан. Оларға қызметтік автобус берілмегендіктен, балалар жеке жолаушы тасымалымен айналысатын автобуыс рейсіне билет сатып алған.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Сотта анықталғандай, Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусының жүргізушісі қар тазалағыш техниканың артында келе жатып, оны озып өтуге әрекет жасаған. Соның салдарынан қарсы жолаққа шығып, шашыраған қардан алдында келе жатқан жеңіл көлікті байқамай, бетпе-бет соқтығысқан.

ЖҮРГІЗУШІ ҚАЗА ТАПТЫ

Соқтығыс салдарынан барлық балалар зардап шекті. Оқиға орнында жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі қаза тауып, оның жолаушылары да зардап шекті. Шағын автобус жүргізушісі болған жайтқа өкініш білдіргенімен, көлік апатына қар тазалау техникасының қарды шашыратқан әрекетін кінәлады.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, Ақмола облыстық сотына шағым түсірілуде