×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

БҰҰ конференциясына «Талибан» билігі алғаш рет қатыспақ

10.11.2024, 19:01
БҰҰ конференциясына «Талибан» билігі алғаш рет қатыспақ
EPA/Reuters

«Талибан» қозғалысының өкілдері қарашаның 11-і мен 22-сі аралығында Әзербайжанда өтетін БҰҰ-ның климаттық конференциясына қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Ауғанстан сыртқы істер министрлігі Талибан БҰҰ конференциясына қатысатынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, Қоршаған ортаны қорғау ұлттық агенттігінің өкілдері Бакуге келіп үлгерген.

Айта кетсек, Талибан бұған дейін мұндай шараларға қатыспаған. Әзербайжан астанасында өтетін COP29 климаттық саммиті Кабулды басып алғаннан кейін Талибан өкілдері қатысқан ең маңызды халықаралық шаралардың бірі болмақ.

КЕРЕК ДЕРЕК

БҰҰ әлі күнге дейін Талибанды Ауғанстанның ресми үкіметі ретінде мойындамайды, бұл оларға Бас ассамблеяға мүше болудан бас тартады. Оған тәліптердің әйелдерге қойған шектеулері, олардың білім алуына және еркін жүріп-тұруына тыйым салуы себеп.

Бұған дейін Қазақстан билігі тәліптерді тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарған болатын. 2024 жылдың маусымында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәжіліс алаңында еліміз Ауғанстанға бидай, ұн және ұн өнімдерін экспорттауды ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты.