×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тұман, көктайғақ, жел: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

11.11.2024, 08:06
Тұман, көктайғақ, жел: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ulysmedia/ЖИ

Қазгидромет 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елдің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысытың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 11 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 11 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 11 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған қ.: 11 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 11 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астана қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең тұман, коктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі

 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 11 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы Семей қаласында 11 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

ШҚО Өскемен қаласында 11 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысында көктайғақ, бұрқасың, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасың, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. Павлодар қ: 11 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 11 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 11 қарашада солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 11 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.