×
492.17
522.39
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.17
522.39
5

«Тамыр-таныс звандайтынын білем»: Елеусінов спорттағы әділетсіздікті тоқтатуға шақырды

11.11.2024, 09:36
«Тамыр-таныс звандайтынын білем»: Елеусінов спорттағы әділетсіздікті тоқтатуға шақырды
Ulysmedia

Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Қазақстан спортының бұрынғы Олимпиадалар кезіндегі даңқын қайтару керек деп есептейді. Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында спортшы бұл бағытта өз көзқарасын айтты.

БАПКЕР БАСҚА СПОРТШЫНЫ ҰНАТУЫ МҮМКІН

Боксшы алдымен, бұл мәселеге спортшы көзқарасы тұрғысынан қарайды. Ең әуелі, іріктеу жарыстарының бәрі әділетті өтуі керек деп есептейді.

– Жастайынан ешкім сағын сындырмауы керек. «Таныс-тамыр звандайды» деген болмауы керек деп ойлаймын. Шын мықты ұтып жатыр ма, соған беруі керек. Бірақ шын мықты ұтып жатқанын қалай білесің? Әр бапкер әртүрлі боксшыны жақсы көреді, мысалы, мен контр-панчермін. Соққы алғанды мүлде ұнатпаймын. Соққыны аз өткіземін. Өзім де көп ұрмайтын шығармын, бірақ таза тигіземін. Кейбіреуіне ондай бокс ұнамайды. Қашып жүреді үнемі, велосипедте жүреді, негізінде ол әдемі бокс түсінген адамға. Бірақ оны жақсы көретіндер де көп емес. Ондай бокс ұнамаса, бас бапкер басқа спортшыны таңдауы мүмкін, оның көзқарасы бойынша бағанағы спортшы мықтырақ сияқты болып көрінеді. Жарысқа барғанда төрешілер таза соққыларды ғана бағалауы мүмкін, – дейді ол.

РЕЗЕРВТЕГІЛЕР АЗАЙЫП БАРАДЫ

Данияр Елеусінов сонымен бірге, боксшылардың резерві үнемі болуы керек деп есептейді. Пайымдауынша, соңғы кездері бұрынғыдай бірінші нөмірдегі боксшыдан басқа екінші, үшінші нөмірдегі боксшылар мүлде болмай қалған.

– Бәсеке жоқ. Біздің артымызда 4-5 бала тұрды. Сен шығып қалсаң, дайын тұратын. Ермахан ағалар, Бекзат, Мұхтархан ағалардың кезінде біздегіден де көп резерв болды. 2004 жылы көбірек болды. 2008, 2012 жылдары сәл азайды. Біздің кезде де азайды, бірақ бәрібір болды. Уақыт өткен сайын азайып бара жатыр резервте тұратындар қатары. Енді төрт жыл бойы екінші нөмір болып тұрғысы келмейді, күткісі келмейді. Бизнеске кетеді. Енді олар да бір нәрсе тауып өмір сүруі керек қой. Негізі күтсе, оларға да мүмкіндік туатын еді, – дейді Даниял Елеусінов.

Боксшы жаттықтырушылар әділ болуы керек деп есептейді. Оған дейінгі жаттықтырушылар әділетсіз болды деп айта алмайтынын да жеткізеді.

– Мені Риоға, Лондонға апарған жаттықтырушы – Мырзағали Айтжанов. Ол кісі кім қоңырау шалса да, өз шешіміне нық болатын. Осы жолы білмеймін, жанында болған жоқпын, жасы ұлғайған сайын адам бала сияқты болады ғой, жұмсақ бола түседі, мүмкін оған да қоңырау шалып айтатын шығар, мынаны-мынаны апар деп. Солай звандайтындарды естідік, білеміз. Менің әкем де Ұлттық құрамада жаттықтырушы болды, – дейді ол.

Боксшының толық сұхбатын мына сілтемеден көруге болады.