×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Доғарыңыздар!»: Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы үндеу жариялады

«Доғарыңыздар!»: Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы үндеу жариялады
Коллаж Ulysmedia

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің отбасы соңғы кездері әлеуметтік желілерде өз мүдделерін көздеген блогерлер Шерзаттың өліміне қатысты іс бойынша соттың ашық өтуін талап етіп, ашық мәлімдемелермен жоғарғы органдарға жүгініп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОТБАСЫНА АУЫР ТИІП ЖАТЫР

Адвокаттар мен жәбірленушілердің өкілдері сот процесін ашық өткізуді әу бастан қолдағанын және бұл туралы өтініш беруге ниетті екенін белсенді түрде мәлімдегенің түсіндіргіміз келеді. Прокуратура да бұл ұстанымды қолдады, өрт қою фактісі бойынша тергеуді арнайы жасақ толығымен жүргізіп жатыр. Іс бойынша барлық шаралар, соның ішінде үйді өртеу фактісі бойынша тергеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл іс бойынша қоғамдық талқылау мен жалған ақпараттың таралуы тергеуге кедергі келтіріп қана қоймай, орны толмас қайғыға ұшыраған отбасыға ауыр тиюде. Блогерлерден отбасы шекарасын құрметтеуді және тергеу органдарына өз жұмысын кәсіби және объективті түрде аяқтауға мүмкіндік беруді сұраймыз! – делінген үндеуде.

«АҚПАРАТ ТАРАТУДЫ ДОҒАРЫҢЫЗ!»

Сондай-ақ үндеуде Шерзаттың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатқаны айтылған.

Сонымен қатар, блогерлер мен жұртшылықтың назарына Шерзаттың ата-анасы мен оның ағасы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын айтамыз! Қалған туыстары қылмыстық іс материалдарына қол жеткізе алмайды, сондықтан олардың айтқандарының бәрі – олардың субъективті қабылдауы.

Құрмет, жауапкершілік және қолдау – қазір Шерзаттың отбасына қажет нәрсе.

Қорытындылай келе, тұрғын үй мәселесі бойынша қаржылық қолдау мәселесі қазір шешілуде, Шерзаттың отбасына психологиялық көмек көрсетілуде және балалар қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Орны толмас қайғы туралы ақпарат таратуды доғарыңыз! Біз барша қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз, бірақ қазір тергеу жалған жолмен жүріп жатыр деп есептеуге ешқандай алғышарт жоқ! – делінген үндеуде.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.