×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

«Парламенттен хабарласты»: Жұлдыз Әбдікәрімова баспасөз жиынын өткізетінін мәлімдеді

«Парламенттен хабарласты»: Жұлдыз Әбдікәрімова баспасөз жиынын өткізетінін мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз

Әртіс Жұлдыз Әбдікәрімова жүріп жатқан сот ісіне байланысты баспасөз жиынын өткізетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АЛАЯҚ ЕКЕНІН БІРДЕН ТҮСІНДІМ»

“Сенбі, жексенбі маған "парламенттен" деп біреу хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Оның айуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақшы. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз. "Шеф" өзі айналысып жатыр деді”, – деп жазды актриса.

Ол сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын деп бекініп отыр.

«ҮЙСІЗ ҚАЛАСЫҢ!»

“Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды. Ақпарат іздей бастадым. Түйсік алдамады, әрине алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадаы шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз-конференциясын өткіземін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын. Лауазымды адамның атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, номері және кімнің атына кір келтіріп жүргені туралы да ашық айтамын”, – деп жазды ол. 

Актриса барлық жазбасын сақтап қойғанын айтты.

«ЖАЗУҒА БОЛМАЙДЫ ДЕЙДІ»

Себебі ол топта мемлекеттік қызметкер бар. Сондықтан жазуға болмайды дейді. Мен бұл істі жай қалдырмаймын. Барлық жазбаны дәлел ретінде сақтап қойдым. Анықтаймын", – деп жады Әбдукәрімова жеке парақшасында. 

Еске салсақ, актриса әрі тележүргізуші, танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда жақын адамын сотқа беретінін айтқан еді.