×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде тұлғаларға мемориалдық тақта орнату ережесі өзгертіледі

Елімізде тұлғаларға мемориалдық тақта орнату ережесі өзгертіледі
Фото: ser-per.kz

Қазақстанда көрнекті тұлғаларға арналған мемориалдық тақта орнату ережесі өзгертілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығына енгізілетін тиісті өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатта әкімдіктердің мәліметінше, мемориалдық тақталар аймақтарда жиі орнатыла бастағаны айтылған. Сондықтан министрлік "артық жағдайларды" жою үшін ережелерге өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдаған.

Енді мемориалдық тақтаны ашу үшін көрнекті тұлғаның ғимаратта 10 жылдан астам уақыт тұрғанын немесе жұмыс істегенін растайтын фактісі болуы қажет.

БІР ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БІР ТАҚТА ҒАНА АШУҒА БОЛАДЫ

Мемориалдық тақталар мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерекше елеулі үлес қосқан немесе айтулы тарихи оқиға жасаған тұлғаларды қоспағанда, көрнекті тұлға қайтыс болған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін ғана орнатылады.

Тақталар көрнекті тұлғалардың мерейтойлары мен есте қаларлық даталарына, сондай-ақ үкімет қаулысымен белгіленген айтулы тарихи оқиғаларға орнатылады.

Жаңа ережеге сәйкес, бір елді мекенде бір көрнекті тұлғаның немесе айтулы оқиғаның бір ғана мемориалдық тақтасын ашуға болады.

Құжат 26 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.