×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

БҚО-да газ құбырын соққан ресейлік әскери техника жүргізушісі ескертумен құтылды

БҚО-да газ құбырын соққан ресейлік әскери техника жүргізушісі ескертумен құтылды
Фото: видеодан скрин

Полиция Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы Сайқын ауылының ішімен жүрген ресейлік әскери техниканың жүргізушісіне ескерту жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ресейлік жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабына (жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 

Бұл бап бойынша ескерту жасау немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.

Жүргізуші көлігімен газ құбырын майыстырған, бірақ ештеңе сынбаған, газ шықпаған. Жүргізушіге ескерту жасалды, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

РЕСЕЙ ОҚУ ПОЛИГОНЫН ЖАЛҒА АЛҒАН

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ауыл ішімен өтіп бара жатқан Ресейдің әскери техникасы жол бойындағы газ құбырын соғып кеткенін жазған едік. 

Әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясының қарулы күштері әскери техникаларының Бөкейорда ауданы Сайхин ауылы арқылы өтіп жатқан видеосы тарады.

Көліктердің бірі ауылішілік газ құбырына тиіп кеткен.
Қолда бар ақпарат бойынша, Ресей Федерациясы Бөкейорда ауданы аумағында, Сайхын ауылынан 100 шақырым жерде орналасқан Қазақстан Республикасынан оқу полигонын жалға алған. Бұл аумақта Ресей Федерациясының екі әскери бөлімшесі орналасқан. Бөлімшелердегі қызмет вахталық әдіспен жүзеге асырылады, осылайша ресейлік техника елді мекендерден тыс жерде келісім бойынша белгіленген маршруттар бойынша оқу-жаттығу полигондарына тұрақты түрде шығып, кіреді, – деп хабарлады Бөкейорда ауданының әкімдігі.

Әкімдік толассыз жауған жаңбыр салдары мен жүруге болмайтын жолдардың кесірінен ресейлік әскери техника Сайхин ауылындағы жол бойымен жүріп өткенін жоққа шығармады.