×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңа спорт министрі өз қызметіне лайық па

13.11.2024, 12:51
Жаңа спорт министрі өз қызметіне лайық па
Коллаж Ulysmedia.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Париж олимпиадасының нетижесін жаман деп санамайды. Бұл туралы мәжіліс кулуарында ол Ұлыс тілшісіне айтты.

Тілші мен министр арасында сұрақ-жауап төмендегідей өрбіді.

– Министр мырза, сіз өзіңізді министр қызметіне лайықтымын деп санайсыз ба? Париж олимпиадасы кезінде спорт комитетін басқардыңыз, ұлттық құраманың жарқын жеңіске жете алмауына өзіңізді де жауаптымын деп есептемейсіз бе?

–  Келесі жылы спорт саласында жұмыс атқарғаныма 20 жылдай уақыт болады екен. Өзімнің спорттағы тәжірибемді қоссам, онда 30 жылға жуық болады. Бүгінгі күні осы жұмысқа қарап, келешек жұмысымыздың бағасын халық береді. Оған лайықпын ба, емеспін бе, енді мемлекет басшысы сенім артқаннан кейін мен жұмыс істеп жатырмын.

– Париж олимпиадасының нәтижесіне жауаптымын деп есептейсіз бе?

– Өздеріңіз білетіндей, Париж олимпиадасына дейін Азия ойындары өтті, ол жерде спортшыларымыз 11-орын алды. Бұл әрине өте төмен нәтиже. Париж олимпиадасына Токио олимпиадасына қатысқан спортшыларымыздың 80 пайызы келді. Жеңіл аллетикада 200 метрді 21 сукундта келеді. 10 айда әлемдік рекордта келу оңай емес спортта, бірақ соған қарамастан сол Азия ойындарынан кейін 10 айдың ішінде ғылыми топтар қалыптастырылып, әр спорт түрінен жеке жоспар құрып, спортшыларымызды олимпиадаға тыңғылықты әкелуге тырыстық. Нәтижені жаман деп айта алмаймын. Нәтиже қай кезде жақсы болады, нәтиже кейінгі индикаторда, алдығы индикаторда алға бассақ жақсы болады. Біз 83 орыннан, 43 орынға көтерілгеніміз бұл индикаторлардың орындалуы.

Ербол Мырзабосынов министр болып Париж олимпиадасынан кейін тағайындалған. Оған дейін ол 2021 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ

Қазақстан құрамасы Францияда өткен Олимпиада ойындарында жеті медаль 1 алтын, 3 күміс және 3 қола ғана еншілеп қайтқан.

DEMOSCOPE ұйымы жүргізген сауалдамада қазақстандықтар Олимпиададағы әлсіз нәтижесінің негізгі себебі жемқорлық екенін айтқан.