×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Спорт министрі федерация президенттерінен бастап, бапкерлерге дейін критерий енгізілетінін айтты

13.11.2024, 13:17
Спорт министрі федерация президенттерінен бастап, бапкерлерге дейін критерий енгізілетінін айтты
Ашық дереккөз

Ұлысмедиа порталы Туризм және спорт министрлігіне спорт федерацияларына соңғы бес жылда қанша қаражат бөлінгенін сұрап, екі рет сауал жолдаған. Екі ретінде де сыдыртпа жауап келді. Осының себебін бүгін кулуарда министрдің өзінен сұрадық.

 

Ұлыс тілшісі министрге “жұмысы тиімсіз федерациялардың қызметін реттеуге саяси әлім, жігерім жетеді деп санайсыз ба” деп сұрақ қойды.

Министр жұмысқа келгеніне екі ай болғанын айтып, бір жұмысты бастап, арнайы жұмысты көрсетіп, сұхбат беру – дұрыс деп санайтынын, журналистермен тығыз жұмыс істеуге дайынмын екенін айтты.

Оның сөзінше, федерацияларға арнайы критерийлер дайындалып жатыр.

“Федерациялар жайлы: әрине, бүгінгі күні әр спорт түрі мемлекетпен қаржыландырылады. Спорт қоры федерацияларға қосымша қаражат бөледі. Жұмыс барысында көресіздер: алдағы уақытта федерация президенттерінен бастап, атқарушы директорларына, бас бапкерлер бойынша да арнайы критерийлер жасап жатырмыз. Федерация президенті болудың өз критерийлері бүгінгі таңда бар.

Париж Олимпиадасында талапты орындамаған федерацияларды саралап қарап жатырмыз. Талапты орындамаған жаттықтырушылардың жұмыстарынан босатылуы, федерация басшыларының орнын босатуы... Мәселе тек басшыларда емес қой. Ішкі жұмыстың жүйелігі, дайындыққа қатысты мәселелер бар. Әлемдік спортқа сай технологиялар бар. Жасанды интеллект бар. Біздің мамандардың кәсіби деңгейлерін көтеру керек. Осының бәрі ұлттық федерациялардың, министрліктің мүддесі ғана емес, мемлекет басшысы айтқандай спорт саласында бірізділік вертикалін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр” деді ол.

Министр Ұлысмедиа порталына федерацияларға соңғы бес жылда қанша қаражат бөлінгенін нақты көрсетуге уәде берді.

Бұған дейін министр “өзіңізді министр қызметіне лайықтымын деп санайсыз ба?” деген сұраққа жауап берген.