×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Қателік деп есептемеймін»: уақытты өзгертуге бастамашы депутат райынан қайтпады

13.11.2024, 13:47
«Қателік деп есептемеймін»: уақытты өзгертуге бастамашы депутат райынан қайтпады
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс кулуарында бүгін журналистер Қазақстанға жаңа уақыт белдеуін енгізуді қолдап бастаған депутат Еркін Әбілді сұрақтың астына алды. "Халық қалаулысы" деген аты бар мәжілісмен десе де райынан қайтар емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚАТЕЛІК” ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН

Ulysmedia.kz тілшісі депутаттан “уақытты өзгертуге бастамашы өзіңіз бе?” деп сұраған. “Жалғыз мен емес, бірақ мен бастамашылардың ішіндемін” деп жауап берді ол.

“Сіздердің әріптестеріңіз сізге қарсы пікір айтып жатыр, олармен қатар өте көп адам бұл бастамаңызға қарсы” деген сөзге депутат “әрине, депутаттарда әртүрлі көзқарастар болуы мүмкін” дейді ол.

“Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ” болып қалған жоқ па? Бұл сұрақ та депутатқа тіке қойылған.

– Жоқ. Мен олай ойламаймын. Бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жыл бойы талқылау болды. Арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Шешімді қабылдаған Үкімет. Үкімет коллегиялдық орган. Ол бір министрдің шешімі емес. Сондықтан, мұны қателік деп айтуға болмайды. Талқылайтын мәселелер бар. Оны талқылау керек, – дейді ол.

“Шығыс Қазақстанда қазір мәселен, уақыт қандай болуы керек?” деген сұраққа Еркін Әбіл ШҚО екі табиғи уақыт белдеуінің шекарасында тұрғанын айтады. 

– Демек, ойлану керек, талқылау керек. Өз көзқарасымды фейсбукта жаздым. Оған қосар ештеңем жоқ. Бұл қателік деп есептемеймін, – дейді ол.

ӘБІЛГЕ ҚАРСЫ ПОЗИЦИЯ

Мәжілістің бір топ депутаты бұған дейін уақыт белдеуіне өзгертуге байланысты үндеу жасап, алдағы уақытта Парламенттің жалпы отырысында мәселе көтерілетінін мәлім еткен еді. Мәжілісмендер жер үлкен болған соң георафия бойынша уақыт белдеуі денсаулыққа қаншалықты зиян екені, қанша энергия артық шығындалып жатқаны алдын ала зерттелуі керек еді дейді.