×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Ерке Есмахан уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

Ерке Есмахан уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан Алматы қаласын қараңғылық ерте басатынын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚЫСТА НЕ БОЛАМЫЗ?»

Оның айтуынша, сағат 16.00-де қаланы қараңғылық басады.

Ислам екеуміз күзді қимай жүрміз. Бірақ, мына сағат тілі біздің режимге сай келмей жатыр. “Таң атса болды, күн батты” деген әннің тура мағынасы боп тұр. Сағат түскі 16.00-де Алматыда қараңғы. Қыста не боламыз? – деп жазды әнші өзі жариялаған бейнежазбаның сипаттамасына.

ДЕПУТАТТАР ПІКІРІ

Еске сала кетейік, Мәжіліс кулуарында бүгін журналистер Қазақстанға жаңа уақыт белдеуін енгізуді қолдап бастаған депутат Еркін Әбілді сұрақтың астына алған болатын.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұған дейін уақытты артқа жылжытқалы ұйқысы қанып жүргенін, алайда 16:00-де қараңғы түсуі дұрыс еместігін айтқан еді.

Ал Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бірыңғай уақыт белдеуінен адамдардың әбігерге түскенін ащы мысқылмен жеткізген-ді.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған.

Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.