×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанның әскерилері араб тілін үйренетін болды

14.11.2024, 11:04
Қазақстанның әскерилері араб тілін үйренетін болды
Ulysmedia коллажы

Қазақстан мен Катар мемлекетінің үкіметтері бір-бірімен келісім жасасып, соның негізінде екі ел бір-біріне әскерилерін оқуға жібереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЛІСІМ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ

Бүгін Сенатта Қазақстан мен Катар елдерінің үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау заңы қаралды. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім 2023 жылы 12 желтоқсанда Доха қаласында жасалған.

Келісімді ратификациялау екі елдің арасындағы әскери білімді беруге, әскери қызметшілердің дайындауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қызметшілерді тілге үйрету, ақпараттардың құпиялылығын сақтау, кедендік рәсімдеу, дауларды шешу, тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығуды өткізу, бейбітшілік пен бітімгершілікті қолдау операцияларында консультациялар алу қарастырылған.

КУРСТАНТТАР ҚАЙДА ҚАЙ ТІЛДЕ ОҚИДЫ

Отырыс барысында сенатор Алтынбек Нұхұлы қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевқа сұрақ қойып, келісімде екі тараптың уәкілетті органдары арасында жасалатын шарттар негізінде білім беру мекемелерінде тараптардың әскери қызметшілеріне тілдік дайындық қалай өткізілетінін білгісі келді. Келісімнің 8-ші бабында тілдік даярлау мәселелері қарастырылған.

– Екі ел арасындағы мұндай ынтымақтастық қандай оқу орындарында іске асады? Оқыту қай тілде жүргізіледі және қандай тілдер оқытылады? Оқу пәндерінің қажетті көлемін кімдер анықтайды? – деп сұрады сенатор.

Шайх-Хасан Жазықбаев әскери оқу орындарына түсу үшін әскерилер алдымен, тілдік даярлықтан өтетінін айтты. Егер Қазақстан Катар мемлекетіне оқытуға әскери қызметшілерді жіберсе, алдымен араб тілін оқытып, дайындауды көздеп отыр. Ал Катар мемлекетінің әскерилері Қазақстанның ұлттық қорғаныс университетінде магистратурада оқуға талаптанса, сол жерде қазақ және орыс тілінде оқытылады. Тілді даярлау уақыты оқу орындарының бағдарламасына байланысты. Мәселен, ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік курсанттар 10 ай оқиды. Екі ел қажеттілікке байланысты бір-біріне оқытуға әскерилерді жібереді.