×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Боранбаевтың қолдан қолға өткен компаниясы ақыры «QazaqGaz»-ға берілді

14.11.2024, 10:56
Боранбаевтың қолдан қолға өткен компаниясы ақыры «QazaqGaz»-ға берілді
Коллаж Ulysmedia.kz

Олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «АзияГаз Чунджа» компаниясы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының 100% еншілес ұйымына айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасының жазуынша, экс-президентінің қызы Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев 2023 жылдың қазан айында тергеу кезінде «АзияГаз Чунджаны» мемлекеттік мүлік комитетіне сыйға тартқан.

2024 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік мүлік комитеті компанияны «Самұрық-Қазына» қорына өткізген.

Ал 12 қарашадан бастап қор компанияны «QazaqGaz»-ға толықтай берген. Енді «АзияГаз Чунджа» «QazaqGaz» ұлттық компаниясының 100% еншілес ұйымы.

БОРАНБАЕВТЫҢ ІСІ

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым сала отырып алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.

2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады.Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.

Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.