×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Хан Шатыр, Abu-Dhabi жаққа үй көп салынып кетті, көлік сыймайды – сенатор

14.11.2024, 11:26
Хан Шатыр, Abu-Dhabi жаққа үй көп салынып кетті, көлік сыймайды – сенатор
https://trimetari.com/

Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке сенатор Сергей Ершов жүгініп, Астана қаласындағы құрылыс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ершовтың айтуынша, Астана қаласының дамуына мән беру керек. Біріншіден, қала алдын ала жоспарланбаған тұрғын үй алаптарына толып кеткен.

– Мысал ретінде айтайын, біз тұрып жатқан Нұрлы жол бульвары, Хан Шатыр мен Абу Даби Плаза маңайында белсенді түрде үйлер тұрғызылып жатыр. Алайда өкінішке қарай олардың арасында қажетті әлеуметтік инфрақұрылым жоқ. Мектеп, балабақша, медицина мекемелері мен спорт нысандары жетпейді. Осының салдарынан тұрғындар толып тұрған әлеуметтік нысандарға баруға мәжбүр. Әлеуметтік нысандардың өзі халық көп тұратын жерге алыс орналасқан. Мұның бәрі қауіпсіздікке қатер төндіреді. Ол нысандарға кіріп-шығудың өзі қиын. Апат жағдайлары балаларға қауіп төндіреді. Көп тұрғын үйлер өз аумағын шлагбауммен жауып алған. Бұл да қиын. Шұғыл көмек керек жағдайда жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына жете алмай қалуы мүмкін. Тұрғын үй құрылысы қарқыны әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынына сай келуі керек, – дейді ол.

Сенатордың сөзінше, саябақтар да жетіспейді. Жасыл аумақтардың аздығы қала келбетін нашарлатып қана қоймай, қаланы ыңғайсыз етеді. Экологиялық теңдікті бұзады. Жаңа тұрғын үйлердің стилистикасына да шағым бар. Ақылы автотұрақтар да ыңғайсыз. Қазір тұрғындар бұрын тегін болған орындар үшін төлеуге мәжбүр. Ақылы автотұрақтар жетпейді. Жүргізушілер көлігін қайда болса сонда қалдырып кетеді.

Сенатор осы жайттардың бәрін есепке алып, жаңа аудандарды жоспарлап салуды, нақты сәулет стандарттарын енгізуді, ауданның инфрақұрылымдық қажеттілігін ескермей тұрып, үй салуға тыйым салуды, ақылы автотұрақтар мәселесін реттеуді өтінді.