×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Майқайыңдағы апат: Сот моральдық шығын мөлшерін 4 есе қысқартып тастады

14.11.2024, 11:36
Майқайыңдағы апат: Сот моральдық шығын мөлшерін 4 есе қысқартып тастады
Коллаж

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Майқайың алтындағы апат бойынша жүрген бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бірінші сатыдағы Екібастұз қалалық сотында кінәлі деп танылған – “Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы” ЖШС-нен қаза тапқан азаматтардың отбасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде әрқайсысына 30 000 000 теңгеден жалпы 120 000 000 теңге соманы өндіру туралы үкім шыққан.

Компания тарап бұл үкімге шағымданып, Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына жүгінген. Облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, қаза тапқан 4 адамның отбасыларының пайдасына моральдық шығын көлемін әрқайсысына 7 500 000 теңгеге дейін азайтты.

СОТ ҮКІМДІ НЕМЕН НЕГІЗДЕДІ

”Бұл ретте сот алқасы келесіні ескерді: моральдық зиянның өтемақы мөлшерін анықтау кезінде бірінші сатыдағы сот еңбек қызметімен байланысты Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні, жұмыс берушінің кінәсін 100% анықтаған жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы тергеп-тексеру актісін басшылыққа алды.

Бұл ретте сот арнайы тергеп-тексеру актісіне сәйкес жазатайым оқиғаның, еңбек қызметімен байланысты Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің себептерін:

- «Майканзолото» АҚ жауапты тұлғаларының тарапынан жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылаудың жеткіліксіздігінен көрінетін жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы;

- блоктарды өндіру кезінде қазбалардан құлау процесін жеткіліксіз бақылау;

- II кен массасын және таудан жоғары және төмен +90 м (160) кен орнын игеру кезінде тау-кен қондырғыларын дамыту жобаларының болмауын (әзірленбеген) ескермеді.

Яғни, жазатайым оқиға «Майкайнзолото» АҚ өндірістік қызметімен байланысты.

Бұл мән-жайларды сот моральдық зиянның өтемақысы мөлшерін анықтаған кезде ескеруі тиіс” делінген сот түсіндірмесінде.

Осылайша сот алқасы ақылға қонымдылық, әділдік және жеткіліктілік критерийлерін басшылыққа ала отырып, туысының қайтыс болуына байланысты келтірілген моральдық зиян өтемақысын әрқайсысына 7 500 000 теңгеден өндіру қажет деген қорытындыға келген.

Қаулы заңды күшіне енді.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

4 қаңтарға қараған түні Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің маңындағы "Майқайың алтын" шахтасының аумағында түтін шығып, сол жаққа аттанған құтқарушылар мінген автобус кен топырағы опырылған шұңқырға құлап кеткен. Автобуста ПВАССС РО Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші болған. 2024 жылдың сәуір айында Астана соты "Майқайың алтын" АҚ кеніштегі қайғылы оқиғаға толық кінәлі деп таныды. Майқайыңың маңы алтын, көмір кен орындарын қазу салдарынан толған ойықтар мен шахталар.

18 қыркүйекте Павлодардың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына істің алты қатысушысына қатысты материалдар келіп түскені белгілі болған.

Олардың арасында басшылық құрамның өкілдері бар. Күдіктілердің барлығы топтық жазатайым оқиғаны тергеу актісі бойынша жауапты адамдар ретінде танылған.

Барлық айыпталушылар үшін сот бұлтартпау шарасы ретінде үй қамағына алуды бекіткен.