×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

15 млн АҚШ долларын ұрлаған қазақстандық Мәскеуде ұсталды

10.12.2021, 10:01
15 млн АҚШ долларын ұрлаған қазақстандық Мәскеуде ұсталды
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі «РБК банкі» ісі бойынша іздестіріліп жатқан қазақстандықтың Мәскеу облысында ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2018 жылдан бері халықаралық іздеуде қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген Валерий Власов, «РБК банкі» АҚ 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында тергелуде.

«Қазіргі уақытта іздестірілуші Мәскеу облысының ішкі істер органдарының күзетінде. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде», – делінген агенттік ақпаратында.