×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Екібастұздағы ЖЭС-1-де энергия блогы тоқтатылды: тұрғындар апат бола ма деп қауіптенеді

15.11.2024, 18:06
Екібастұздағы ЖЭС-1-де энергия блогы тоқтатылды: тұрғындар апат бола ма деп қауіптенеді
Видеодан скриншот

"Самұрық-Энерго" компаниясы Екібастұз ЖЭС-1-де үшінші энергия блогын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Бұл шешім түтін мұржасының жағдайын бағалау үшін қабылданған, деп жазады  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Блогтың сөндірілуіне Павлодар тұрғындарының назарын аударған түтін себеп болған. Желіде тараған видеода түтін мұржасының терезелерінен қою түтін байқалған, деп жазады pavon.kz.

Белгілі болғандай, мұржадағы мәселе 12 қарашада анықталған. №1 энергия блогын тексеру кезінде түтін мұржасының тыңдау терезелері аймағынан түтін шығатыны байқалған

Осыған байланысты, түтін мұржасының жағдайын тексеру үшін үшінші энергия блогын тоқтатып, арнайы ұйымның қатысуымен ішкі тексеру жүргізу туралы шешім қабылданған.

“Түтіннің шығу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Алынған деректер негізінде қажетті іс-шаралар жоспары жасалады», – деп атап өтті компания өкілдері.

КЛЕБАНОВТАР  

2022 жылы Екібастұзда жүз мыңнан аса тұрғын ЖЭО-2-дегі үлкен апатқа байланысты қатты аязда бірнеше күн бойы жылусыз, жарықсыз қалған. Оған жылу құбырларының қатты тозғаны себеп болған. Сол тұста ЖЭО иесі Александр Клебанов "бәріне кінәлі тариф саясаты" екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, дәл осы себеп оған инфрақұрылымға қажетті деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік бермеген.

Осыған қарамастан Клебановтың Forbes тізімінде "мұртын балта шаппады". Ол Қазақстанның ең бай 20 адамының қатарында қалды. Кейінірек Клебанов ЖЭО-ны "бір теңгеге" мемлекетке қайтаруға дайын болды. Бірақ 2023 жылы жылу электр магистралі инфрақұрылымының жартысы ғана қала әкімдігінің балансына берілді.